"Балапан білім беру ұйымы" жеке мекемесі
Частное учреждение "Организация образования "Балапан"

"Балапан Білім беру ұйымы" жеке мекемесі

 

Құрметті достар!Құрметті әріптестерімді, сондай-ақ тәрбиеленушілерімнің ата-аналарын "Балапан Білім беру ұйымы" жеке мекемесінің ресми интернет-ресурсында қарсы алуға қуаныштымын мұнда сіз біздің жұмысымыздың құрылымы , жетістіктері, сондай-ақ тәрбие мен оқыту шарттары және т.б. туралы ақпаратты таба аласыз. Біз сіздерді және сіздің достарыңызды біздің ақпараттық ресурс беттерінде жиі болуға шақырамыз. Сіз өзіңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қонақтар кітабына қалдыра аласыз. Сізге бар Жақсылықты, денсаулық пен бақыт тілеймін!Сізге құрметпен, "Балапан ҚБ"ЖМ директоры - Рақымберлина Ғалия Беркімбайқызы


Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер:  көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Балапан Білім беру ұйымының жеке мекемесі". Заңды мекенжайы:  Көкшетау қаласы, Исмаилов көшесі 11 "а".

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  "Балапан" ҚБ ЖМ 2023 жылы 114 қызмет көрсетілді.

Барлық көрсетілген қызметтер электронды нұсқада.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

Атауы

Барлығы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы

Электрондық нұсқада

Қағаз түрінде

2023

114

 

114

0

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою";

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

          Бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

2024 жылы "Балапан" ҚБ ЖМ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылды.

 

 

 

 

 

 

қоғамдық талқылаулар туралы қорытындылар

Заключение об итогах проведения публичного обсуждения отчета о деятельности  «Частное учреждение организация образования «Балапан» в сфере оказания государственных

услуг за 2023 год

 

          1. Дата проведения публичного обсуждения: с 1 марта по 30 марта                      2024 года.

          2. Способ проведения публичного обсуждения: на сайте «Частное учреждение организация образования «Балапан»  

          3. Способ оповещения о проведении публичного обсуждения: 19 февраля  2024 года размещение информации на сайте «Частное учреждение организация образования «Балапан»  

          4. Перечень предложений и (или) замечаний участников публичного обсуждения: по результатам проведенных мероприятий предложений и замечаний от участников публичных обсуждений в «Частное учреждение организация образования «Балапан», а также на официальный интернет – ресурс не поступало.

         

№ п/п

ФИО физического лица, наименование организации, внесшей предложения и (или) замечания

Краткое содержание предложения и (или) замечания поступившее в рамках публичного обсуждения

Сведения о принятии или непринятию предложения и (или) замечания

Обоснования по принятию или непринятию предложения и (или) замечания

Примечание

1

2

3

4

5

6

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

Директор:                                     Рахимберлина Г.Б.

 

 

Исп:Темиргалиева С.Г.

Тел:42-95-11

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі балалар ұйымына кезекке қою және жолдама қалай алуға болады

 

Кіші жүйеде жұмыс істеу үшін қажетті техникалық құралдардың тізбесі:

1.   ХҚКО-да алуға болатын ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) (Халыққа қызмет көрсету орталығы)

2.   Соңғы нұсқадағы NCALayer орнатылған бағдарламалық жасақтамасының болуы қажет. Сіз ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайтынан мына мекен-жай бойынша көшіріп ала аласыз: https://pki.gov.kz.

3.   Жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін "Google Chrome" браузерін пайдалану қажет.

Мұнда қажетті техникалық құралдар туралы толығырақ.

 

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін сізге:

1.   «akmola.kz» жүйенің басты бетіне кіріп «Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi балаларды кезекке қою» қызметті таңдау керек.

2.   Бұдан әрі Ақмола облысының аудандары мен қалаларының тізімі бейнеленеді. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз.

3.   Өтініш берушінің ЭЦҚ (AUTH_RSA) кілті арқылы жеке кабинетке кіру қажет.

4.   Берілген өтініштер журналын ашу үшін бас бетте "Өтініштер журналына" батырмаға басу қажет»

5.   Ары қарай «Балабақшаны таңдау» батырмасын басыңыз.

6.   «Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда ғана пайда болады.

 

Мемлекеттік балабақшаға жолдама алу үшін:

Балабақшалардағы бос орындарға жолдамалар кезекке сәйкес беріледі. Кезегіңіз келген кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөміріне кезегіңіздің келгендігі туралы хабарлама келеді.

1.   «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасы Сіздің кезегіңіз келсе, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда пайда болады.

2.   Назар аударыңыз, Сізге қажет барлық тізбесі көрсетілген құжаттарды жинау және 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет. Кері жағдайда, Сіздің кезегіңіз бұғатталады, бірақ ЖОЙЫЛМАЙДЫ.

 

Мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшаға жолдама алу үшін:

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаны таңдау келесі шарттар сақталған жағдайда ғана қол жетімді: бала мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекте тұрған жағдайда; баланың жасы – 3 жас және одан үлкен; мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаларда бос орындар болған жағдайда.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекеменшік балабақшаны таңдаған жағдайда мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу кезегіңіз сақталмайды.

1.   «Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орын болған жағдайда және бала 3 жасқа толған кезде ғана көрінеді.

2.   Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшада бос орындар болған жағдайда, «Мектепке дейінгі балалар ұйымын таңдау» батырмасы пайда болады. Балабақшаны таңдау үшін көрсетілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымын таңдау» батырманы басыңыз. Пайда болған тізімнен қолайлы балабақшаны таңдаңыз.

 

Шағын орталыққа жолдама алу үшін:

1.   «Мемлекеттік шағын орталықты таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда пайда болады.

 

Келесі қадам:

1.   Ары қарай тізімнен қажетті балабақшаны таңдаймыз.

2.   Соңғы қадамда «Қол қою және жіберу» батырмасын басып, ЭСҚ сертификатын жүктеңіз (RSA).

3.   Ары қарай «Жалпы құжаттары» қойындысынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаға қалыптастырылған жолдаманы қарап жүктеуге болады.

4.   Назар аударыңыз, Жолдама берілу күнінен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет.

Сондай ақ AKMOLA.KZ мобильді қосымшасын орнатып, аталған қызметтерді өз смартфоныңызда ала аласыз.​

Жаңартылған күні: 22.04.2019 11:20
Құрылған күні: 14.08.2019 11:01

Текст